ФАРМАКОҚАДАҒАЛАУ – бұл дәрілік заттарды қолдануға байланысты жағымсыз жанама реакцияларды және қауіпсіздіктің кез келген басқа да мәселелерін анықтау, бағалау, түсіну және болдырмаумен айналысатын ғылыми қызмет және практикалық іс-шаралар.

Фармакологиялық қадағалаудың МАҚСАТЫ: дәрілік заттарды қабылдау салдарынан туындайтын аурушаңдық пен өлім-жітімді төмендету.
Денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті ұйымды дәрілік заттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу ерекшеліктерінің пайда болу фактілері және жанама әсерлері туралы, оның ішінде дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген жанама әсерлері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

Фармакоқадағалау – бұл ДЗ ЖӘ қадағалау ғана емес, сонымен бірге келесі жағдайларда қырағылық таныту:

  • ДЗ тиімсіздігі;
  • ДЗ ЖӘ тудырған медициналық қателер;
  • ДЗ медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық шеңберінде қолданбау;
  • ДЗ жіті және созылмалы улану жағдайлары;
  • ДЗ теріс пайдалану және дұрыс қолданбау;
  • ДЗ басқа ДЗ, химиялық заттармен, тағаммен, сусындармен өзара әрекеттесуі;
  • ДЗ қолдану салдарынан болған өлім-жітімді бағалау

Медициналық қолдану кезінде “Кусум Хелткер ПВТ Лтд” (Үндістан) өндірісінің дәрілік заттардың (ДЗ) қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру, яғни фармакоқадағалау жүйесінің (ФҚ) жұмыс істеуі – компания қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Фармакоқадағалауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құжаттарына сәйкес (ҚР ДСМ 29.05.2015 №421 «Дәрілік заттарды фармакологиялық қадағалауды және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама әсерлерінің мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы) және Еуропа (Еуропалық Парламенттің және ЕО Кеңесінің 06.11.2001 №2001/83 ЕО Директивасы, ЕО Кеңесінің 22.07.93 №2309/93 Қаулысы) жүзеге асыратын фармакологиялық қадағалау департаменті (2013 жылы ұйымдастырылған) жүзеге асырады.

“Кусум Хелткер ПВТ Лтд” компаниясының штатында фармакоқадағалауға жауапты уәкілетті тұлғаның болуына қатысты ФҚ жүйесі Үндістанда бас деңгейде және Қазақстанда жергілікті деңгейде ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасындағы фармакологиялық қадағалау үшін жауапты, байланыстағы тұлға-Туманчинова Марал Кемелбекқызы

Негізгі
Байланыс мәліметтері:

Мекенжай:

Алматы қ., Қажы Мұқан к-сі, 22/5 "Хан-Тәңірі" бизнес орталығы

Факс:

+7 727 295 26 50;

Email:

Компания өз өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау бойынша өз клиенттерінің алдында этикалық жауапкершілік алады. Біз әзірлейтін және тарататын өнімнің қауіпсіздігіне, тиімділігіне немесе сапасына байланысты болуы мүмкін кез келген шағымды бағалауымыз керек.